2018 - 2020 жылдарға арналған Қаражал қаласының бюджеті туралы
Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы XІX сессиясының № 172 шешімі
Осы редакция 2018 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3 409 035 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 788 165 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6 274 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 730 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 613 866 мың теңге;
2) шығындар - 3 409 035 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 3 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 000 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2018 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 4 - қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2018 жылға арналған облыстық бюджетке, қала бюджетіне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде ескерілсін:
1) жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз;
2) әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз.
4. 2018 жылға арналған қала бюджетінің шығыстарының құрамында бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша нысаналы трансферттердің бөлінуі 5 - қосымшаға сәйкес ескерілсін.