Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 8 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларында:
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының және құқықтық актілерінің өзгерістері;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Жалпыұлттық басымдықтарды, Саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, Ұлттық жобаларды, Мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары;».
2. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 3 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: