Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 2/225-825 Қаулысы
(2025.02.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 17 ақпандағы № 22.1-22/206-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпы білім беретін мектепке қосымша құрылыс салу үшін Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Тілендиев көшесі, 35 А үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801-кеңсе болып белгіленсін.
4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;