Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығы
(2025.01.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025.03.07. № 167-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025.11.07. № 66 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5-тармағына, 143-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025.03.07. № 167-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025.11.07. № 66 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;