«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 516 Қаулысы
(2024.01.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024.02.09. № 713 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.
2. Қоса беріліп отырған «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 25 шілдедегі
№ 516 қаулысымен
бекітілген
«ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2022 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
1-бөлім. Бағдарламаның паспорты
2-бөлім. Кіріспе
3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оған қол жеткізу жолдары
5-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары
6-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың күтілетін әсері мен нәтижелері
7-бөлім. Қажетті ресурстар
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2024.02.09. № 713 Қаулысымен бағдарламаның паспорты өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)