«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегғ № 246 Қаулысы
(2018.09.01. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 97 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабының 2 - тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11432) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Өсімдік шаруашылығы саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 253 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3515, 2014 жылғы 22 қарашадағы № 136 (17073), 2014 жылғы 25 қарашадағы № 137 (17074), 2014 жылғы 27 қарашадағы № 138 (17075), 2014 жылғы 29 қарашадағы № 139 (17076) «Дидар»; 2014 жылғы 24 қарашадағы № 136 (19583), 2014 жылғы 26 қарашадағы № 137 (19584), 2014 жылғы 28 қарашадағы № 138 (19585), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы № 139 (19586) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) 1- тармағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.