Введите номер документа
Прайс-лист

«Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекараларын өзгерту және Абай облысының шекарасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 529 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 1 июля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 1 июля 2023

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекараларын өзгерту және Абай облысының шекарасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 529 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер – Абай облысының құрамына берілетін жалпы ауданы 18536,6 мың гектар Семей және Курчатов қалаларын, Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандарын шығару жолымен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік – жалпы ауданы 11000 гектар Курчатов қаласын шығару жолымен Павлодар облысының шекарасы өзгертілсін.

2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер – Семей және Курчатов қалаларын, Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандарын қосу жолымен жалпы ауданы 18547,6 мың гектар Абай облысының шекарасы белгіленсін.

3. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 1 шілдедегі

№ 529 қаулысына

1-қосымша

 

 

Шығыс Қазақстан облысының схемалық картасы

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы шекарасының сипаттамасы

 

Жалпы ауданы 9785,9 мың гектар Шығыс Қазақстан облысының аумағы Өскемен және Риддер қалаларының, Алтай, Самар, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының шекаралары шегінде орналасқан, шекаралар мынадай болып белгіленген:

солтүстік шекара Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы бойымен өтеді;

батыс шекара Абай облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың шекаралары бойымен өтеді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!