Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 278 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 344 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 278 қаулысына (2018 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5039 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
«КЕЛIСIЛДІ»
«Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістер