Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдептің сақталуы бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тексерулердің жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 87 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 19 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 19 мая 2025

Мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдептің сақталуы бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тексерулердің жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 87 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, 4-тармағына және 58-2-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1 - 21-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық бөлімшелері жүргізетін мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдептің сақталуы бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тексерулердің жоспары бекітілсін.

2. Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

жартыжылдық тексерулердің жоспарын Агенттіктің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдептің сақталуы бойынша тексерулердің жоспарында көрсетілген тиісті мемлекеттік органдарға қатысты тексеру іс-шараларын сапалы және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға

Д. Жазықбай

 

Согласовано

19.05.2025 10:35 Абильдин Мадияр Байгабылович

19.05.2025 11:00 Ахмедьяр Әлібек Ғазизұлы

19.05.2025 11:06 Арыстанбеков Ниет Кайратович

19.05.2025 11:19 Божаканова Азиза Сериковна

Подписано

19.05.2025 12:43 Жазықбай Дархан Медеғалиұлы

 

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2025 жылғы 19 мамырдағы

№ 87 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!