Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешімі
(2018.15.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Семей қаласы мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі № 6/41-V «Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 14 тамыздағы № 2637 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 тамыздағы № 66 «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған);
2) Семей қаласы мәслихатының 2013 жылғы 29 мамырдағы № 17/97-V «2012 жылғы 18 шілдедегі № 6/41-V «Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 24 маусымдағы № 2980 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 шілдедегі № 54 «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Х. Ангаев |