Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 111 Қаулысы
Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 172 Қаулысымен күші жойылды
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы әкімдігінің «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 111 қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «17» ақпандағы
№ 39 қаулысына
қосымша
Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулері
| Р/с № | Су обьектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймағының ауданы (гектар) | Су қорғау белдеуінің ауданы (гектар) | Су қорғау аймағының ені (метр) | Су қорғау белдеуінің ені (метр) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Семей қаласы |
| 1. | Босаға өзені | Ақбұлақ ауылы | 1000 | 70 | 500 | 35 |
| 2. | Ертіс өзені | Приречный ауылдық округі, Гранитное ауылы | 38,7350 | 1,5370 | 500 | 50 |
| 3. | Ащысу өзені | Ақбұлақ ауылдық округінің 05-252-169 есептік орам аумағында | 613,06 | 45,7 | 500 | 35 |