Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № а-11/255 Қаулысы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № А-11/208 Қаулысымен 2026 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. «Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № а-11/253 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25465 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Есіл ауданының әкімі | С. Балжанов |
Есіл ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ а-11/255 қаулысына
1-қосымша
Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
| № | Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенттері |