Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 41 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 193 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 3-13-232 ұсынысы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 4251 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж.Халиуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | М. Манкеев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 11 наурыздағы
№ 41 қаулысына
қосымша
Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының аумақтарында карантиндік режим енгізілетін
карантинді аймақ
| Ауданның атауы | Ауылдық округтің атауы | Ауыл шаруашылығы құрылымдарының атауы | Карантиндік объектінің атауы | Зақымдалған алаң, гектар | Ошақ алаңы, гектар |