«2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 385 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың Тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 29 ақпан №385
қаулысына қосымша