Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 шешімі
(2017.23.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік заң бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXХVІ сессиясының төрағасы | С. Махметов |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Едіресов |
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2015 жылғы 14 шілдедегі
№ 36/7 шешімімен бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау
Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №16-02/701 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жануарларды ұстау тәртібін анықтайды.