Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жеке броньды қорғау құралдарымен, белсенді қорғаныс, инженерлік мүлікпен, күзеттің техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 151 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жеке броньды қорғау құралдарымен, белсенді қорғаныс, инженерлік мүлікпен, күзеттің техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
қосымша