«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 146 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
аталған қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |
«Келісілді»
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
Ф. Белбеев
2024 жылғы «20» маусым