Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/22-VIII шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Үлкен Нарын аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 шілдедегі
№ 4/22-VIII шешіміне
1 - қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Шығыс Қазақстан облысы
Үлкен Нарын аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 шілдедегі
№ 4/22-VIII шешіміне
2 - қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1) Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;