Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауылының жер телімдерінің және Есіл ауданының ауылдық елді мекендердің төлемақылық базалық ставкаларына арналған түзету коэффициенттерін және бағалау аймақтарының шекараларын, жерлерді аймақтандыру жобасын (схемасын) бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 22/113 шешімі
Осы редакция 2021 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабы 2 тармағына, 11 бабы 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының маслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылының жер телімдерінің төлемақылық базалық ставкаларына арналған түзету коэффициенттерін және бағалау аймақтарының шекаралары, жерлерді аймақтандыру жобасы (схемасы)осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендердің жер телімдерінің төлемақылық базалық ставкаларына арналған түзету коэффициенттері осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының сессия төрағасы | Д. Қалиев |
| Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы | А. Бектасова |
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2017 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 22/113 шешіміне
1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылының жер телімдерінің төлемақылық базалық ставкаларына арнылған түзету коэффициенттерін және бағалау аймақтарының шекаралары, жерлерді аймақтандыру жобасы (схемасы)

Явленка ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына ұсынылатын түзету коэффициенттері