Алматы облысының кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 296 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 323 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабыныңт 1-тармағына және «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мына:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру»;