Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 323 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің
2017 жылғы 18 шілдедегі
№ 296 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) облыстың, облыстық және аудандақ маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
2) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі - қаржы агенттігі);
3) 180 миллион (бұдан әрі - млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.