Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығы
(2020.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.02.07. № 243 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабының 1-тармағын және 428-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру қағидалары бекiтілсiн.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;