Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешімі
(2014.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін ( комиссия төрайымы Б.Нурбасинова).
3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Жаңаөзен қалалық мәслихатының интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ғ. Байжанов |
| Қалалық мәслихат хатшысы | С. Мыңбай |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Маркашова
30 қыркүйек 2013 жыл.