Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № А-7/1369 Қаулысы
(2023.22.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Көкшетау қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 болып тіркелген);
2) «Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № А-10/1538 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8091 болып тіркелген).
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясымен