Введите номер документа
Прайс-лист

«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 756 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 28 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 21 января 2023
Дата последнего изменениясреда, 28 декабря 2022

«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 756 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында:

3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау процесінің алдын алу, жолын кесу және автоматтандыру.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен автомобиль жолдарында автокөліктік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) автокөлік құралы арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өтеді;

2) нақты уақыт режимінде автокөлік құралының түрі анықталады, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылады, салмақтық және (немесе) көлемдік өлшемдері анықталады, жүріп өтудің 4 данада сурет тіркелуі жүргізіледі (алдынан көрініс, бүйірден көрініс, алдынан және артынан мемлекеттік тіркеу нөмірі);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами