Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № А-12/2081 Қаулысы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №-1-1-138 болып тіркелген, 2011 жылдың 2 наурызында «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Тушановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Көкшетау қаласы әкімінің міндеттерін атқарушы | Ш. Сәдуақасов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық аймақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
М.М.Қалиева
«8» 12 2015 жыл
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ А-12/2081 қаулысына
1 қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/386 қаулысына
1 қосымша
Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар