Введите номер документа
Прайс-лист

«Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 70-ө өкімі

Информация о документе
Датасреда, 13 мая 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 13 мая 2020
Дата последнего изменениясреда, 13 мая 2020

«Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 70-ө өкімі

 

1. «Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасында:

«Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары» деген тарауда:

екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтік-мәдениет объектілерін - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық тұрғыдан күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі);»;

«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары» деген тарауда:

бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) уақытша тіркеліп тұратындарды қоса алғанда, жұмыссыздарға жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 50 %-ін ұсынуды;

3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90 % көлемінде отандық өндірушілерден сатып алуды;

4) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, медициналық тексеріп-қарауды, жұмыскерлердің жиналуын және оларды жұмыс орнына дейін жеткізу үшін мобильді рекруттік пункттерді ұйымдастыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами