Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкімі
(2021.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы өкімге өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-ө өкімін;
ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 199-ө өкімін қараңыз
Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.
2. Жол картасының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2020.13.05. № 70-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2020.17.11. № 144-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 40-ө өкімімен (бұр.ред.қара) жол картасы өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 55-ө өкімімен
бекітілген
Жұмыспен қамтудың 2020 — 2021 жылдарға арналған жол картасы
Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары