Введите номер документа
Прайс-лист

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығы (2024.19.01. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 3 марта 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 7 марта 2022
Дата последнего измененияпятница, 19 января 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы

(2024.19.01. берілген өзгерістермен)

 

«Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 Қаулысын қараңыз

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін.

ҚР Президентінің 2023.20.11. № 399 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:

1) жыл сайын 15 қаңтарға дейін:

жылына бір рет әр ауданда және облыстық маңызы бар қалада облыс әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

жылына бір рет қаланың әр ауданында республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

жарты жылда бір рет әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада аудан әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

жарты жылда бір рет әр ауданда (шағын ауданда), ауылда, қаланың, ауылдық округтің құрамына кіретін кентте облыстық және аудандық маңызы бар кала, ауылдық округ әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами