Астана қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 283/35-VIII шешімі
Қазақстан Республикасы Экология кодексі 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 18 наурыздағы
№ 283/35-VIII шешіміне
қосымша
Астана қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| Р/с № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектінің атауы | Есептік бірлік | Норма, жылына 1 есептік бірлікке текше метр |
| 1. | Абаттандырылған үй иелігі | 1 тұрғын | 2,16 |
| 2. | Абаттандырылмаған үй иелігі | 1 тұрғын | 2,3 |
| 3. | Мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,62 |
| 4. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және т.б. | 1 орын | 1,76 |
| 5. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,10 |
| 6. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,40 |
| 7. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,48 |
| 8. | Емханалар | 1 кіріп-шығу | 0,0006 |
| 9. | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері | 1 кереует-орын | 1,42 |
| 10. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызу орны | 1,68 |