Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с «2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 14/117-6с шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с «2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1)кірістер - 109 756 100 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 46 909 059 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 151 826 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 403 641 мың теңге;
трансферттер түсімі - 62 291 574 мың теңге;
2)шығындар - 114 676 038 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу - 716 896 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 919 843 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 202 947 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5)бюджет тапшылығы - -5 636 834 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 636 834 мың теңге.»;
6 тармақта:
«100 000» деген сандар «200 000» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
| Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Ғ. Ташқараев |
| Қалалық мәслихат хатшысы | Н. Бекназаров |
Шымкент қалалық