Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 шешімі
(2025.29.12. берілген өзгерістермен)
Қарағанды қалалық мәслихатының 2025.27.08. № 292 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қарағанды қалалық мәслихатының 2025.27.08. № 292 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қалалық мәслихатының
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 165 шешіміне 1-қосымша
Қарағанды қалалық мәслихатының 2025.27.08. № 292 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен қағидалары