Введите номер документа
Прайс-лист

«Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 299-Ө бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 31 октября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 31 октября 2023
Дата последнего изменениявторник, 31 октября 2023

Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 299-Ө бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 19-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 335-Ө, «Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан Ресей комиссияның қазақстандық тарапының кұрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 335-Ө бұйрығына өзгepicтep енгізу туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 460-Ө бұйрықтарының күші жойылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Е. Нысанбаев

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар министрінің

2023 жылғы 31 қазандағы

№ 299-Ө бұйрығына қосымша

 

 

Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі

 Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының

құрамы

 

Мансұр Тұрсынұлы

Ошурбаев

 

-

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, комиссияның тең төрағасы;

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами