«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 1217 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17163 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысаны (250.00-нысан) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» салық есептілігін жасау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1217 Бұйрыққа
1-қосымша