Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 313-Ө бұйрығы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ішкі аудит департаменті:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне Тізбені осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберуді;
2) Тізбені осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Согласовано
24.12.2024 12:07 Кенжебеков Ергали Кенжегалиевич
24.12.2024 12:19 Нугманова Марал Койшыбеккызы
24.12.2024 12:19 Мухтарова Сагыныш Конысбаевна
24.12.2024 12:27 Хайруллин Мураткали Каримович
24.12.2024 15:26 Беков Кыдырберди Андирович
Подписано
25.12.2024 14:55 Нысанбаев Ерлан Нуралиевич
[[QRCODE]]
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігінің