Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ АБОНЕНТТІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ТІРКЕУ ҚАҒ...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 23 мая 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 23 мая 2018

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте Қағидалардың 5-тарауы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрінің міндетін атқарушы

 

 

Н. Мауберлинова

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами