Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 329 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министрдің міндетін атқарушы | А. Сарбасов |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2024 жылғы 26 тамыздағы
№ 329 бұйрығымен
бекітілген
Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық
уақыт нормативтері
1-бөлім. Жалпы бөлім