«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 635 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 22 бұйрығы
«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 635 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық және бюджеттік жоспарларымен өзара байланыс архитектурасы» деген 4-бөлім осы бұйрықтың 1-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлім осы бұйрықтың 2-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрықтың 3-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020 жылғы «___» _________ | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұлов 2020 жылғы «___» ___________ |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 22 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 635 бұйрығымен бекітілген