Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 292 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 28 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 19 мая 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 28 апреля 2025

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 292 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелерінің көлiк құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 690 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Денсаулық сақтау министрі

 

А. Әлназарова

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами