«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 167 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі бірінші отырысының 2022 жылғы 12 сәуірдегі хаттамасының 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 112 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Аппарат басшысы Ж.Ш. Жарылғасоваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2022 жылғы 6 мамырдағы
№ 167 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 112 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі
қоғамдық кеңес құрамы
| 1. | Болат Кенжетайұлы Әуетаев | «Қазақстандық отын қауымдастығы - 1» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша), Қоғамдық кеңестің төрағасы; |
| 2. | Меруерт Қайыргелдіқызы Күнжақсина | Стратегиялық және ақпараттық даму департаментінің іс жүргізушісі, Қоғамдық кеңестің хатшысы; |