Введите номер документа
Прайс-лист

«Шу – Бурылбайтал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 22 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 13 мая 2025
Дата последнего изменениявторник, 22 апреля 2025

Шу - Бурылбайтал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығы

 

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Шу - Бурылбайтал (бұдан әрі - км) 92+200 км - 268+000 км (Р-29) II санатты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы Мерке - Шу - Бурылбайтал автомобиль жолы (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізіндеде пайдаланылады;

2) өткел баламалы жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: «Шу - Қайнар - Кенен - Қарабастау - Каншенгель - Ақсуйек - Бурылбайтал» автомобиль жолы;;

3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - 92+200 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 268+000 км;

4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - II санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - кемінде 3,75 метр;

автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны - екі бағытта - 1 жолақ;

6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 175 км 800 метр;

7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами