Таран ауданында орналасқан «Коктем» кафесін пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасы шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 62 Қаулысы
(2016.14.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2016.14.03. № 115 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Таран ауданында орналасқан «Коктем» кафесін пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасы шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
2. Таран ауданында орналасқан «Коктем» кафесін пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасы шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ: