«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 852 бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12572 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімнің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:
пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің аумағында өндірістің бар болуын есепке ала отырып, шикізат пен материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау (осы шикізат пен материалдардың импорты болған кезде толтырылады);
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы;
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);
инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты жеткізушілер;