Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 39/8-8 шешімі
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 121/27-8 шешімімен күші жойылды
Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27288 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қосшы қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.