Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 121/27-8 шешімі
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2. Қосшы қаласы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27288 болып тіркелген);
2) «Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 39/8-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612-03 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы | А.Куатбеков |
Қосшы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 121/27-8 шешіміне
қосымша
Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері және тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер