Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 шешімі
(2020.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облыстық мәслихатының 2020.20.03. № 447/38 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 235 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | М. Стрелковская |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |
Павлодар облыстық мәслихаттың
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 220/21 шешіміне
1-қосымша
Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер