Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешімі
(2018.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) осы шешімінің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендер аумақтарының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары;
2) осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 «Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6011 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада «Костанайские новости» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | М. Ахметов |
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________В. Нечитайло
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының Ішкі істер департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Б. Аймағамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлiгi Экологиялық реттеу
және бақылау комитетiнiң Қостанай
облысы бойынша Экология
департаментi» республикалық