Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 18-135 шешімі
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2. Зеренді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
«Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67-409 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8280 болып тіркелген);
«Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 3-18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8550 -03 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Габдуллина |
Зеренді аудандық мәслихатының
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 18-135 шешіміне
қосымша
Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері және тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер