«1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 627 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес мердігердің 2023 - 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлуі туралы;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мұнай-газ операцияларының шотын, оның ішінде осы қаулыға, ӨБТК-ге 6-қосымшаның шарттарына сәйкес бөлінген жұмсалған және қалдық қаражат мөлшері бөлігінде жүргізуді жүзеге асыру туралы;»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 6 тамыздағы
№ 627 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 256 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының