Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 наурыздағы № 191 Қаулысы
5-тармаққа сәйкес екі жыл бойы қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын машина жасау тауарларын;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын химия өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын металлургия өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;
4) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын құрылыс өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;
5) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын азық-түлік тауарларын ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.